"Ақмола облысы Білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Тайбай отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023-2024 оқу жылында 5-8, 10 сыныптар үшін емтихан

27.05.2024

Білім алушылардыоқыту қазақ тілінде жүретін қазақ мектептерінде

«Қазақ тілі» пәндерінен5-8, 10 -сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсынымның  түсіндірмесі

 

Қысқаша сипаттама

 

Білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Қазақ тілі бойынша емтихан 125-бұйрықтың 35-тармағына сәйкес білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) деңгейінде академиялық жыл аяқталған кезде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі» және оқыту өзге тілде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша нысанда өткізіледі.

1. Аралық аттестаттау мақсаты - білім алушылардың «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламасының көлемін меңгеру деңгейін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – МЖМББС) талаптарына сәйкес бағалау.

2. Аралық аттестаттаудың міндеті: білім алушылардың білім берудің келесі деңгей материалдарын игеру дайындығы мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау.

Негіздеме:

  1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;
  2. «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысы;
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасын бекіту туралы 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы;
  4. Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің2008 жылғы 18 наурыздағы№ 125 бұйрығының 1-қосымшасы.

 

3. Емтиханды өткізу талабы.

Емтихан қазақ тілінде өтеді.

Емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады (27-31 мамыр аралығында 9,11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау уақытынан басқа уақытта өткізу ұсынылады).

 

4. Үлгілік оқу бағдарламасымен байланысы

Білім алушыларды аралық аттестаттау негізгі орта білім беру деңгейінің 5-8, 10-сыныптарына «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің  үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды.

Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС күтілетін нәтижелерімен анықталады.

Қазақ тілінің мәртебесін арттыруды көздеп 5-8, 10-сыныптарда өткізілетін оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға «Қазақ тілі» аралық аттестаттау – негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) білім деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде «Қазақ тілі» пәндері бойынша білім алушылардың бағдарлама мазмұнын меңгеруін бағалау нысаны ретінде қарастырылады.

5. Емтихан мазмұны:

Үлгі

«Қазақ тілі» пәні бойынша:

Оқылым, жазылым, ӘТН тапсырмаларына 2023-2024 оқу жылындағы бөлімдер (қай тоқсаның бөлімін алсаңыздар да ерікті) мен оқу мақсаттарын алуға болады.КТЖ-дағы оқу мақсаттарын аласыздар.

2) оқылым

Бөлімше

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

10-сынып ҚГБ

10-сынып-ЖМБ

6.

Оқылым стратегияларын қолдану

5.2.6.1

оқылым стратегияларын қолдану:

жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу

6.2.6.1

оқылым стратегияларын қолдану:

комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу

7.2.6.1

оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу

8.2.6.1

оқылым стратегияларын қолдану:

комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу

 

 

 

 

 

 

6. Оқылым стратегияларын қолдану

 

 

 

 

10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу

 

5. Мәліметтерді өңдей білу

 

 

 

 

 

10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу

 

 

 

 

 

 

3) жазылым

Бөлімше

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

10-сынып ҚГБ

10-сынып-ЖМБ

4.

Эссе жазу

5. 3.4.1

эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу.

6.3.4.1

эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу(«келісу, келіспеу» эссесі).

7.3.4.1

эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)

8.3.4.1

эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)

10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

10.3.3.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

 

4) әдеби тіл нормаларын сақтау:

Бөлімше

5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

10-сынып ҚГБ

10-сынып-ЖМБ

4.

Грамматика

лық норма

5.4.4.1 жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану;

5.4.4.2 зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану;

5.4.4.3 сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу;

5.4.4.4 сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу;

5.4.4.5 төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру

6.4.4.1 сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану;

6.4.4.2 етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану;

6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану

7.4.4.1

етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану;

7.4.4.2 еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну.

7.4.4.3 шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану;

7.4.4.4 одағай түрлерін ажырата білу, қолдану;

7.4.4.5

оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу

 

8.4.4.1

сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану;

8.4.4.2

тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану;

8.4.4.3 сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолдана білу;

8.4.4.4 жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану

10. 4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу

 

Аралық аттестаттау тапсырмасы мазмұнының сипаттамасы

«Қазақ тілі»,оқу үлгерімін тексеруге берілген (оқылым) мәтін саны, эссе тақырыптарының саны – 2 (оқылымға берілетін мәтін саны алынған оқу мақсатына байланысты, егер оқу мақсатында екі мәтінді салыстыру деп тұрса, онда екі мәтін аласыздар, ал ондай оқу мақсаты болмаса,  бір мәтін аласыздар).

 

Сөз саны кесте бойынша көрсетілген.

 

р/с

Сыныбы

Сөз саны (Қазақ тілі)

1

5

100-110

2

6

110-120

3

7

120-130

4

8

130-140

5

10 (ҚГБ, ЖМБ)

140-150

 

 

«Қазақ тілінен» эссе жазуда тапсырмалардың мазмұны ақпаратты түсіну, мәтіннің құрылымы мен негізгі ойын түсіну, мәтіннің стильдік ерекшелігін тану, проблемалық сұрақтар құрастыру, түрлі дереккөздерден ақпарат ала білу, мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау, түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық нормаларға құрылған.

7. Эсседегі тапсырмалардың қиындығы: әр сыныптың жас ерекшелігіне сай берілген.

8.Білімді тексеру тапсырмасының формасы:оқылым, жазылым дағдыларын қолданып эссе жазу

Әр сыныпта эссе түрлері де, оқу мақсаттары да әртүрлі екенін ескеріңіздер.

5-сыныпта

Оқу мақсаттары:

5.3.4.1 эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны  сипаттап не суреттеп жазу (сипаттау эссесін бересіздер)

6-сыныпта

6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

7-сыныпта

7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)

8-сыныпта

8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе).

10-сыныпта, ҚГБ бойынша:

10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, аргументативті  эссе)

10-сынып. ЖМБ бойынша:

11.3.3.1 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аралық аттестаттау жұмысын ресімдеу:

Кең жол дәптердің  қос парағына  жазуға болады. Парқ шетіне штамп (мөр) қойылады. Мөрдің астынан 2 жол қалдырып толтырасыздар. Үлгісі төмендегідей:

 

    5«А»-сынып оқушысы ..................................... қазақ тілі пәнінен

    аралық аттестаттауда жазған жазбаша жұмысы

 

 

 

 Компьютерде терілген А 4 парағында   бірден  орындайтындай етіп жасауға болады. А4 парағының шетіне штамп (мөр ) басылады. Екі жол қалдырып толтырылады.

Аралық аттестаттау жұмысының нұсқасы:

Тапсырма үш нұсқада жасалады. Жалпы сыныпқа арналып негізгі аралық аттестаттау  тапсырмасы  жасалады, ал ауырып қалған, жарыс, байқауларға кеткен білім алушылар үшін қосымша аралық аттестаттау  тапсырмасы жасалады. Егер мектепте психологиялық дамуы тежелген (ПДТ-ЗПР)  білім алушылар болса, онда олардың (ПДТ) жеңілдетіліп оқып жатқан  бағдарламасы бойынша 3-нұсқасы жасалады.Егер ондай білім алушылар болмаған жағдайда, 3-нұсқаны жаудың қажеті жоқ.Егер ПДТ жеңіл дәрежеде болып, сыныппен бірге оқып жатқан жағдайда, оларға мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жалпы сыныпқа арналып негізгі аралық аттестаттау  тапсырмасымен алынады.Үйде оқылатын білім алушы болса, емтихан да үйде алынуға тиісті, өйткені дәрігерлік анықтама да үйде оқытуға беріліп отыр.

Емтиханнан босатылатын тұлғалар:

Дәрігерлік анықтамасы бар  білім алушылар ғана емтиханнан босатылады.

9. Білімді тексеру тапсырмаларын орындау уақыты: орындау уақыты –95 минутты (2 сағат) құрайды. Жалпы эссені жазу уақыты берілген тапсырмаларды оқуға жұмсалатын уақытты ескере есептелген.

10. Білімді тексеру тапсырмалары мен жалпы жұмысты бағалау:       Критериалды бағалау жүйесімен байланысы білім алушыларды аралық аттестаттау қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қамтитын критериалды бағалау жүйесінің бөлігі болып табылады. Дұрыс орындалған тапсырма үшін оқушы жиынтық балл (5 балл) жинайды.

 

 

 

 

 

1-кесте - Бес балдықты 30-балдыққа ауыстыру шкаласы

(оқыту қазақ тілінде)

 

р/с

Сөйлесім әрекеті

Балл қою нормативі, ең жоғары балл

5-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

30-балдық шкала бойынша ең жоғары жиынтық балы

1

Оқылым

1-тапсырма - 0,5 балл;

2-тапсырма - 0,5 балл

 

1

6

2

Жазылым

- құрылымын сақтауы – 0,5 балл;

- мазмұны - 2 балл;

- лексика-грамматикалық норманы сақтауы – 0,5 балл

 

3

18

3

Әдеби тіл нормалары

1 балл

1

6

 

 

 

5

30

 

Оқылым тапсырмасының шкаласы

5 балдық  шкала көрсеткішінде 1- оқылым тапсырмасы - 1 балл. Оқылым тапсырмасының 2- тапсырмасы -1 балл. Оны  30 балдық шкалаға айналдырғанда 1- тапсырма 3 балдан, демек, 2 тапсырма - 6 балл болады.

Жазылым  тапсырмасының шкаласы

Ал жазылымда 5 балдық  ӘТН тапсырмасында  1-тапсырмаға- 3 бал, 2-тапсырмаға -3 балл бекріледі.

эссе тапсырмасы - 5 балл, оны 30 балдық шкалаға ауыстырғанда  -18 балл.

ӘТН тапсырмасының шкаласы

5 балдық шкалада  ӘТН  тапсырмасы - 1 балл, 30 балдық шкалаға ауыстырғанда - 6 балл.Бір тапсырмаға 6 балл бере алмаймыз. ӘТН-ге 1 балдан 6 тапсырма да жасауға болады, бірақ ол үшін 6 оқу мақсатын қарастыру керек.3 тапсырма 2 балдан да жасауға болады. Онда 3 оқу мақсатын қарастыру қажет. ӘТН тапсырмасында  1-тапсырмаға- 3 бал, 2-тапсырмаға -3 балл беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аралық аттестаттау тапсырмаларының үлгілері

(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)

ҮЛГІ:

6-сынып

 

Қазақ мектебіндегі «Қазақ тілі» пәні бойынша аралық аттестаттау тапсырмалары

 

Оқылым

1-тапсырма (3 балл)

Мәтінді оқып, мәтіннен  негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырыңыз.

 

Бекзат Саттарханов – қазақтың бокстан Олимпиада чемпионы

        Шаршы алаңда шаршауды білмейтін ол – қысқа ғұмырында 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-де жеңіске жетті. Ата-анасы күреске бергенмен, оның бокс өнеріне аңсары ауды.

      Ол аяғына ауыр қорғасын байлап жүгірген және талайды шаң қаптырған. Көмбеге жарты сағатта құйғытып жететін оның жүрек қағысы 3-4 минутта-ақ қалпына келетін болған.

    Оның жұдырықтасу техникасы мен көз ілеспес аяқ қимылына жаһанның жуан боксшылары тәнті болып, талантына тамсанған.

     Ол болмыс-бітімі бөлек ұл еді. Ол қазақтың бокс тарихындағы тұңғыш Олимпиада жеңімпазы. Ол – бар-жоғы 20 жасында Олимп шыңын бағындырып, 20 жасында құйрықты жұлдыздай жарқ еткен Бекзат Саттарханов.

        Біртуар боксшы халқымен бірге болғанда, сәуірде 35 жасқа толған болар еді. Уақыт деген гүрілдеп аққан өзендей екен. Оның Сиднейде жарқыраған сәті - 2000-шы жыл еді.

  Сол шақта Бекзат бастаған спортшыларымыз анау Австралиядан сыңғырлатып алтын мен күміс жаудырып, жұпыны көңіл жұртымыздың рухын асқақтатып, намысын жанып, елдің еңсесін көтеріп еді.

Міне, соданбері 24 жыл да зымырапөте шығыпты. Бекзат есім спорт тарихында мәңгі қалды.

                                                                              ( 151сөз)Мейіржан Әлібекұлы  «Egemen Qazaqstan» газеті

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

 

Мәселені нақтылайтын сұрақ

 

 

 

 

 

2-тапсырма (3 балл)

Берілген мәтіннен қажетті ақпараттарды алып, авторына сілтеме жасаңыздар

 

Мәтіннің тақырыбы

 

 

 

Мәтіннің қысқаша мазмұны (2-3 сөйлем)

 

 

 

Авторы, сілтемесі

 

 

 

3-тапсырма (3 балл)

Мәтіндегі асты сызылған сөздерді қолданып, сөйлем құраңыздар.

 

 

 

4-тапсырма (3 балл)

Берілген етістіктерді  салт етістік пен сабақты етістіккке ажыратып жазыңыз

аңсары ауды, өткізіп, шаң қаптырған, жететін, тамсанған, бағындырып

 

Салт етістік

Сабақты етістік

 

 

 

 

 

Жазылым

 

3-тапсырма (18 балл)

«Спорт жеңімпазы болу оңай ма, әлде қиын ба?»  деген оймен келісу не келіспеу себептерін айқын көрсетіп, эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып,келісу-келіспеу эссесін жазыңыздар.(110-120 сөз)

 

«Спорт – денсаулық кепілі»  деген оймен келісу не келіспеу себептерін айқын көрсетіп, эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып,келісу-келіспеу эссесін жазыңыздар. .(110-120 сөз)

 

 

13. Бағалау критерийлері:

 

(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады және мазмұндау жоспарын құрастырады.

2

  • әр абзацтан нақты ақпараттарды тауып жазады (0,5 балл);
  • мазмұндау жоспарын құрастырады (0,5 балл).

1

Жазылым

 

- эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, өзіне таныс оқиға немесе кейіпкерді сипаттап не суреттеп эссе жазады.

-жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.

3

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (1 балл);

-мәтіндегі оқиғаны (кейіпкерді) сипаттап не суреттеп мазмұнын толық ашады (1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).

 

 

3

 

Әдеби тілдің нормалары

Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады.

1

-мәтіннен зат есім сөзді табады (0,25 балл);

-әр септіктің жалғауын дұрыс қолданады (0,25 балл);

- сауатты жазады (0,25 балл);

-сұрақтарын қояды (0,25 балл).

 1

 

Байқау емтиханының қорытындыларына талдау жасау

 

3-кесте - Байқау емтиханына қатысушылар туралы мәлімет

Өңірі (қаласы, ауданы, мектебі)________________________________

 

  •  

Білім алушылардың саны

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны, себебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-кесте - Емтихан тізімдемесі

 

Сыныбы

Қатысқандар саны

Оның ішінде

«2»

«3»

«4»

«5»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-кесте - Білім сапасы (пайыздық көрсеткішпен)

 

(оқыту қазақ тілінде)

Сөйлесім әрекеті

Қатысқан білім алушы саны

Оқу мақсаты коды

Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны

Сапа %

Үлгерім %

төмен

орта

жоғары

0 - 39 %

40 - 84 %

85 - 100 %

Оқылым

 

 

 

 

 

 

 

Жазылым

 

 

 

 

 

 

 

Әдеби тіл нормалары

 

 

 

 

 

 

 

Білім сапасы көрсеткішіне комментарий

Сынып бойынша меңгерілген мақсаттар

Қиындық тудырған мақсаттар

 

 

 

ЕСКЕРТУ:

 

  1. Жоғарыдағы берілген тапсырмалар педагогтер басшылыққа алуы үшін үлгі ретінде берілген (қажеттілігіне қарай ауыстырып дайындайды).
  2. Бағалау критерийлері құрастырылатын тапсырмаларға қарай педагогтер тарапынан жасалуы керек.
  3. Емтихан тапсырмаларын құрастыруда тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары қамтылады. Емтихан тапсырмаларын орындау қадамдары:

1) дайындалған мәтін бойынша тапсырманы орындау арқылы білім алушының тыңдалым дағдысы тексеріледі (өзге тілде оқытатын сыныптар үшін);

2) айтылым дағдысы бойынша білім алушыға тапсырмалар беріледі (өзге тілде оқытатын сыныптар үшін);

3) оқылым бойынша білім алушыға дайын мәтін беріледі (қазақ және өзге тілдерде оқытатын);

4) жазылым дағдысы бойынша білім алушы эссе жазады (оқылым мен жазылым бойынша берілетін мәтін мазмұны мен эссе тақырыбы бір-бірімен байланысты болу керек (қазақ және өзге тілдерде оқытатын);

5) эссе мәтініне грамматикалық талдау жасайды.

4. Емтихан материалдарын білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімімен педагогтер әзірлейді.

5. Үлгі ретінде әр дағды бойынша оқу мақсаттары алына отырып, тапсырмалар берілді. Аралық аттестаттау тапсырмаларын дайындауда педагог (оқыту тіліне қарай) тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларының бөлімшелеріндегі оқу мақсаттарын сақтай отырып, тапсырмаларды түрлендіруіне болады немесе сыныптың білім сапасына қарай әр дағдыдағы бөлімшелер мен оқу мақсаттарын өзі таңдап ала алады.

6. Емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады (27-31 мамыр аралығында 9,11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау уақытынан басқа уақытта өткізу ұсынылады).

7. Күнделікке емтихан бағасын қою кезінде 30 балдық жүйеге ауыстырылады.

8. Емтиханның аяқталу қорытындысы бойынша Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің2008 жылғы 18 наурыздағы№ 125 бұйрығының талаптарына сай хаттама толтырылады.

 

Просмотров: 2567


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст