"Ақмола облысы Білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Тайбай отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көктемгі демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі

19.03.2024

Көктемгі демалыс кезіндегі оқушылардың техникалық қауіпсіздігі        Сынып: _________

Көктем мезгіліндегі мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары

  • Адам үшін қауіпсіз болып тұщы суда 10 сантиметрден кем емес ал тұзды суда 15 см. қалындықты мұз болып саналады. 
  • Өзен сағасында және саласында мұз әлсіз келеді. Мұз жылдам ағыс орындарында, су бұрқақтап ағып жатқан және ағып жатқан жерлерде, сондай-ақ балдыр өсетін аудандарында, ағаштарға, көшет және қамыстарға жақын жерлерде әлсіз. 
  • Егер 3 күннен аса ауа температурасы 0 градустан жоғары болып тұрса, онда мұздың беріктігі 25% төмендейді. Сол себепті мұз үстінен жүру өте қауіпті.
  • Көктемгі тасқын және сең жүру кезінде қайғылы оқиғалар көп болады.
  • Еріген су пайда болғанда су қойма бетіне тұруға қауіпті;
  • Мұз жүрген кезде көпір тіреулеріне сүйену қауіпті;
  • Мұз жүрген кезде жарлы жағада тұру қауіпті;
  • Су қоймалары арқылы түнгі мезгілде өтуге болмайды.

Көліктегі және тәртіпті жол қозғалысындағы ережелер бойынша нұсқаулық

1.      Қала көшелерінен өткенде мұқият бол. Асықпа. Тек жаяужолмен немесе жолдың жиегімен жүр.

2.      Жаяужолдың оң жағымен асықпай жүр.

3.      Жолдың шетінен алыс жиегімен жүр.

4.      Көшеден тек жаяу жүргінші жолымен өт.

5.      Автобусқа отырар алдында тәртіп сақта. Басқа жолаушыларға кедергі жасама.

6.      Көшеден өткенде, бағдаршамның дабылына назар аудар.

7.      Жолда не оның жанында ойын ойнама. Велосипедпен, роликті конькимен және т.б. жүрме.

Электрқауіпсіздік бойынша нұсқаулық

1.      Үйден, тіпті бөлмеден шығарда міндетті түрде электрқұралдарын сөндіріңіз (үтік, теледидар және т.б.).

2.      Еш уақытта электр сымын қолыңмен тартпа – қысқа тұйықталу болуы мүмкін.

3.      Ешбір жағдайда жалаңаш сымға жақындама және ұстама – тоқ соғуы мүмкүн.

4.      Тоқ жүйесіне қосылған ыдыс және суға (егер ол металлдан жасалған болса) қол тигізбеңіз.

5.      Еш уақытта тоққа қосылып тұрған электрқұралдарын дымқыл шүберекпен сүртпеңіз.

6.       Жанып жатқан электрқұралдарын сумен сөндіруге болмайды.

7.      Жерде жатқан немесе салбырап тұрған электр сымдарына жоламаңыз.

8.      Жақын арада электр желілері өтетін үйлер және басқа да құрылыстардың шатырына, сонымен қатар электр тасымалдау әуе желілері өтетін тіреуіштерге (бағандарға) шығу қауіпті.

9.      Трансформаторлық қосалқы станция, күштік қалқаншалар, үйлестіруші құрылғыларды ашып көруге тырыспаңыз – ол өлім төндіреді.

10.  Электрқұралдарын тоқ жүйесіне қосылып тұрған күйінде жөндемекші болмаңыз.

11.  Электрқұралдарының жануы болған жағдайда, өрт жалынын өзіңіз сөндіре алмасаңыз, телефон арқылы өрт сөндіру қызметін шақырыңыз.

Ауладағы, көшедегі, үйдегі және қоғамдық орындардағы кездесетін келеңсіз жағдаяттардың алдын алу нұсқаулығы

1.      Еш уақытта бөгде (танымайтын) адамдармен лифтке, сонымен қатар кіреберіске немесе баспалдақ алаңына, егер онда күдікті адамдар, әсіресе бір топ адамдар тұрса кірмеңіз.

2.      Егерде сізге лифте біреу бас салса, «Диспетчерді шақыру» батырмасын басуға тырысыңыз, бірақ айқайламаңыз, әсіресе, жақын арада сізге көмекке келе алатын адамдар барына сенімсіз болсаңыз.

3.      Аулада жүрген уақытта сізден жасы үлкен, ішімдік күйіндегі немесе есірткіге мас, құмар ойындармен және де т.б. шұғылданып отырған топ жасөспірімдерден аулақ болыңыз.

4.      Ешқашан таныс емес (бөгде) адамдармен автокөлікке, мотоцикл және т.б. отырмаңыз.

5.      Аса қажетті болмаса өздеріңмен ақша, қымбат заттарды алып жүрмеңдер.

6.      Төбе, шатыр, жертөлелерде тентіреп жүрмеңдер.

7.      Далада қыдырған кезде, үйден алыстамай, өздеріңе таныс топтар компаниясында болуға тырысыңдар. Егер үйден алшақ кетсеңіз, әсіресе, басқа ауданға, биге, базарға, дүкенге, концертке және т.б. соңғы шарт міндетті. Сонымен бірге үлкендердің сіздің қайда екендігіңізді білгені жөн. Туыстарыңызды қашан, кіммен, қайда баратыныңыз, кімде, қанша уақыт болатыныңыз, қашан қай уақытта, қандай жолмен үйге қайтатыныңыз (мүмкіндік болса, сізді қандай телефон арқылы, немесе басқа координата арқылы) табуға болатыны жөнінде құлақдар етіңіз

8.      Егер сізді (түнде) және т.б. уақытта біреулер қуаласа, онда сіз адамдары көп, шамның жарығы бар жерге қарай жүріңіз (жүгіріңіз).

Жарылмаған снаряд, мина, граната және пакеттерді тапқан кезде қауіпсіздендіру ережелері бойынша нұсқаулық

1.  Көлікте, үйге кірер кіреберісте және т.б жерлерде қалдырылған түйіншек (сөмке, қорап және т.б.) байқасаң, еш уақытта тиіспе: онда жарылғыш құрылғы болуы мүмкін.

2.      Тапқан затыңыз туралы кезекші полиция қызметкеріне хабарлаңыз.

3.      Егер түйіншек, сөмке, қорапты қалалық көлікте байқап қалсаңыз, ол туралы жүргізушіге хабарлаңыз.

4.      Сіздің қолыңызға қандай да бір жағдайда жарылғыш пакет тиетін болса, онымен ойнамаңыз: ауыр күйік жарақат алуыңыз мүмкін.

5.      Отқа патрондарды тастамаңыз – олар атып, сізді жарақаттауы мүмкін.

6.   Оттек баллоны, жаншу ыдысы, еріткіштер мен бензиннің, газ бен ауа қосындылары сақталған бос бөшкелердің жарылысынан сақтаныңыз.

Кешке мезгілде көшеде жүру уақыты!
Сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін кәмелетке толмаған оқушыға ойын-сауық мекемелеріне заңды өкілдердің еріп жүруінсіз баруға тыйым салынады. Ойын-сауық мекемелеріне: ойын мекемелері, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет-кафелер, компьютерлер, бильярд, боулинг клубтары мен кинотеатрлар, театр және ойын-сауық мекемелері және басқа да ғимараттар, үй-жайлар, ойын-сауық және ойын-сауық қызметтері көрсетілетін объектілер жатады. 
Сағат 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде жүруге тыйым салынады.
Просмотров: 1017


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст