23.05.2023
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! 25-27 мамыр аралығында балалардың өмір қауіпсіздігін кеңінен насихаттау шеңберінде Көкшетау қаласында «Жас құтқарушы» облыстық слеті өткізіледі, оған Ақмола облысының барлық өңірлерінен үздік командалар қатысады.
Жарыстарды өткізу кезінде қатысушылар тәжірибе алмасып, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларына ие болады.
Мұндай жарыстарды өткізу өскелең ұрпақпен жұмыс істеудің жаңа нысандары мен әдістерін анықтауға және енгізуге мүмкіндік береді.
Жарыстың салтанатты ашылуы 25 мамыр күні сағат 9.00-де «BOLASHAQ SARAIY» ғимаратының аумағында өтеді.