Мазасыздануға арналған тренинг жаттығулары
1-жаттығу
Адам кеңістікте біршама уақыт қозғала отырып, өзіне ұнайтын орынды табады. Осы нүктеде көзіңізді жұмып, өз денеңіздегі шекараларды анықтаңыз: яғни өз денеңізді жоғарыдан төменге жейін қарап шығыңыз, өз басыңыз, мойын, иық, кеуде, іш, арқа, қолдарыңызды, шаштың түбінен аяғыңыздың ұшына дейін қарап шығыңыз.
Мақсат-өз денеңіздің белгілі бір сипаттарын сезіну. Ұзақтығы-10 минут.
Күйзеліс, мазасыздануды жоюға ой терапиясының жаттығулары да көмектеседі. Әсіресе, қарым-қатынас кезінде мазасыздануды сезінетін би терапиясы жаттығулары көп көмекші болады.
2-жаттығу «Сурет салу»
Мақсаты: шығармашылықты дамыту, сезім, эмоцияны білдіру.
Ұзақтығы: Ұзақтығы: 30 минут.
Әрбір топ мүшесі қағаз алып, қарындашпен өз мазасыздану күйін сурет салу түрінде білдіреді.
3-жаттығу «Есіміңнің артында»
Мақсаты: өзіне-өзі баға мен өзіне сенімділікті артуы.
Ұзақтығы: 10 минут.
Әркім өз есімін жазып, оның тұсына сол әріптен басталатын анықтауышты жазады.
4-жаттығу «Иә»
Мақсаты: мазасыздану деңгейін тыныштандыру және төмендету.
Ұзақтығы: 15 минут.
Өтілу барысы: көзді жұмыңдар, өздеріңді ормандамын деп ойлаңдар. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырыңдар. Қыдырып жүріп, үңірге жақында. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезіңдер. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Соны тап, судың аққанын есті және орман тыныштығын, құстардың әнін. Осының барлығына жаныңды аш: салқынға, тыныштыққа, дыбысқа өзің ыңғайлы орынға отыр, осылармен ыңғайға кел, бүкіл айнала сіздің денеңізді, бастан аяқ толтырсын «иә» деген сөз барлық әсерге енсін осы сөз бен сіздің жаман көңіл-күйіңіз кетсін. Иә, бұл мен (атыңызды атаңыз).
Иә, менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлкі сезіңіз. Өз өткеніңіз, бүгін, ертеңіңізге күлімдеңіз. Бұл күлкі өте майда, жұқа, жаңа ашылңан раушан гүл сияқты, ол сіздің ішіңізде ашылады, сөйтіп бүкіл денеңізге хош иісі таралады. Өзіңізге айтыңыз «Мен бақытты, салмақты болғым келеді әрі мен сондай боламын».
5-10 сынып
«Мазасыздық шкаласы» әдістемесі
Мақсаты: оқушы бойындағы мазасыздықтың басым түрін анықтау.
Нұсқау: Сендерге өмірде жиі кездесетін бірнеше жағдаяттар беріледі. Олардың кейбіреулері сендерге ұнамсыз болып келеді, қобалжушылық, қорқыныш сезімдерін тудырады. Берілген тапсырмаларды мұқият оқып
1) егер осындай жағдай саған мүлдем ұнамсыз болып көрінбесе – 0 санымен бағалайсыз;
2) егер жағдаят сені азғантай ғана қобалжытса – 2 санымен бағалайсыз;
3) егер жағдаят өте ұнамсыз, сені қатты мазасыздандырса – 3 санымен бағалайсыз
Сауалдама
Кілт
Стандарттар (әр түріне жеке есептелінеді)