"Ақмола облысы Білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Тайбай отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ - нің 2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есебі

10.02.2023

2013 жылғы 25 маусымдағы №193

ҚазақстанРеспубликасы

экономика және қаржылық бюджет

жоспарлауМинистрдіңбүйрығына

2 Қосымша

 

 

«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Тайбай  ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ - нің 2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есебі

1.      Қызмет көрсететін мекеме.

«Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Тайбай ауылы Сарыарқа  көшесі №54 тел: 37-512 телфакс -37639

1) Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат.

«Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2022 жылы  реестр бойынша мемлекеттік қызметтің 6 түрінен қызмет көрсетті. Жалпы   67  қызмет көрсетіліп, оның - халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 19- электронды үкімет порталы арқылы,  48 -мемлекеттік органдар (қағаз түрінде)  қызмет көрсетілді.

     Ең көп сұранысты қажет ететін :

1.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша – 31  қызмет көрсетілді.

2.«Балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабалыдау » мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша – 14  қызмет көрсетілді.

3. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша –   0 қызмет көрсетілді.

4. «Бастауыш негігі орта ,жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша –  2

5. «Негізгі орта , жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша –   2 қызмет көрсетілді.

6. «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша –18 қызмет көрсетілді

 

2.  Қызмет алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету ақпараттарын «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Тайбай  ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ -нен ақпараттарға арналған қабырға стендтерінен «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ақпараттық стендтерінен және білім беру ұйымдарының сайттарынан, ХҚКО-нан және Ерейментау ауданы әкімінің веб-сайтынан алуға болады.

2) «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ -сі мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жобалары көпшілік алдында талқыға түспеді.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашық айқын болуы үшін, білім бөлімі мен ХҚКО, басқа да мемлекеттік қызмет көрсету органдарының қатысуымен семинар өткізілді.

Халықты ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2022 жылы Мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы жарияланымдар, білім беру ұйымдарының "Instagram" және "Facebook" әлеуметтік желілерінде мақалалар мен тікелей эфирлер жарияланды.

 

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

4.  Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау

 

1.      2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша өкілетті орган тексерісі жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша бөлім басшысының мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы жедел кеңесі өткізілді.

2.      Атқарылған  мемлекттік қызметтің саны және сапасын ішкі бақылау  барысында төмендегідей нәтиже көрсетті:

  • Жалпы көрсетілген мемлекеттік қызмет-  67 сонын ішінде жергілікті мемлекеттік органдармен – 48   ХҚКО арқылы 19 , ЭҮП - 0.
  • Мемлекеттік қызметті атқаруда мерзімі жағынан шағым тіркелмеді.

3.    2022 жылы  білім бөлімінің атқарған қызметінің сапасын  есептік кезеңде бақылау бағаланбады.

4. Мониторинг  бақылау сапасы  өткізілмеді.

5. 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тексеру жүргізді. Оның нәтижесі бойынша мектеп директорымен сапалы мемлекеттік қызмет көрсету туралы жедел кеңес өткізілді.

 

5.  Мемлекеттік қызмет алушының келешекте тиімді және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру.

 

1.   Келешекте мемлекеттік қызмет көрсету стандартының, бүгінгі таңда үкімет тарапынан бекітілген қаулысы келесі қызмет көрсету стандартын үйлесімділеу пайда болады .

2.      Күтілетін нәтиже: үйлесімділеу барысында   атқару мерзімнің қысқаруы, бюрократия процесінің кемуі, әрине таза, ашық, тиімді қызмет көрсету болады.

3.      Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

4.2022 жылы білім бөлімі және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

5.     Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру.  

 

Просмотров: 369


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст