"Ақмола облысы Білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Тайбай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Общеобразовательная школа села Тайбай отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области" 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға арналған жадынама

15.11.2022

Мазасызданған баламен қалай әңгімелесу керектігі жайлы төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алған жөн.

Бәсекеден және жылдамдықты есептейтін қандай да бір жұмыс түрлерін таңдамау қажет;

-Баланы айналадағы адамдармен салыстырмаңыз;

-Баланың есімін айту арқылы назарын аударту;

-Сенімді жүріс-тұрыс үлгілерін көрсет, барлық жағдайда балаға үлгі бол;

-Баланы тәрбиелеуде бірізді болу;

-Балаға шама келгенше аз ескерту жасау;

-Қажет жағдайда ғана жазалауды пайдалану;

-Жазалану кезінде баланың абыройын түсірмеу;

-Баланың өзін-өзі бағалауын жоғарылату,не үшін екенін білетіндей жиі мадақтаңыз;

Ата-аналарға арналған ұсыныстар.  Жасөспірімдік суицид себептері  Ересек терт арапынан тілектес назардың  болмауы;

   Өмірдің жалпы ырғағының күртөсуі;

·  Әлеуметтік-экономикалық  тұрақ сыздандыру;

·  Ата-аналарарасында ғымас күнемдік және нашақорлық;

·  Жасөспіріммен қатыгез қарым-қатынас, психологиялық, физикалық

· және жыныстық зорлық;  Жасөспірімдер арасындағы маскүнемдік және нашақорлық;

·  Ертеңгі күнге сенімсіздік;

·  Моральдық-этикалық құндылықтардың болмауы;

·  Өмір мәнін жоғалту;

·  Өзін-өзі бағалаудың төмендігі, өзін-өзі анықтаудағы қиындықтар

;·  Эмоциялық және зият керлі көмірдіңке дейлігі;

·  Жауапсызға шықтық;

· Жасөспірімді суицидтен не ұстай алады: 

Баламен қамқорлық қарым-қатынас орнатыңыз;

·  Мұқият тыңдаушы болыңыз;

·  Қарым-қатынаста шынайы болыңыз, мазасыз жағдай туралы   тыныш және түсінікті сұраңыз;  Психикалық ыңғайсыздық көзін анықтауға көмектесу;

·  Барлық  мәселелерді  конструктивті  шешуге болады деген үміт  ұялатыңыз;

 Балаға оның жеке ресурстарын түсінуге көмектесіңіз;

·  Баланың қазіргі таңда табысты жүзеге асуына қолдау көрсету және

· болашаққа келешекті  анықтауға көмек көрсету;

Жасөспірімді мұқият тыңдаңыз!

1. Балалардың отбасылық  және ішкі мәселелерін ашық талқылаңыз.

2. Балаларыңызға өмірде нақты мақсаттарды құруға және оларға ұмтылуға көмектесіңіз.

3. Кедергілерді жеңуге міндетті  түрде көмектесіңіз.

4. Жастардың кез келген оң бастамаларын сөзбен және іспен мақұлдаңыз.

5. Ешқандай жағдайда физикалық жаза қолданбаңыз.

6. Жас балаларды көбірек жақсы көріңіз, мұқият болыңыз және өте маңыздысы, олармен сыпайы болыңыздар. Қиын сәтте жақын тұрған қамқор, сүйікті адамнан көп нәрсе байланысты. Ол әлеуетті суицидті өмірді құтқара алады. Ең бастысы, өз балаларын олар қандай, дәл сондай қабылдауға үйрену керек. Біз, ата-аналар, қарым- қатынасты қалыптастыра отырып, баланың дамуына көмектесіп, әсер ету нәтижесін, өз еңбегінің нәтижесін аламыз.

"Не ексең, соны орарсың!" – деп,халық даналығы айтады. Адамды сол қалпында қабылдау, оның жер бетіндегі мәнін қабылдау – бұл шынайы көрінісіндегі Махаббат.

Сондықтан ата-аналарға кеңес қарапайым және қолжетімді: "Өз балаларыңызды сүйіп, өз балаларына және өз-өзіңізге шынайы және адал болыңыз".

   Тұйықтықтан шығу жолдары:

1. Балаңызды әрдайым тыңдауға және түсінуге тырысыңыз, балаға қатысты қандай мәселе болса да назар аударыңыз. Баланың көзқарасымен әрдайым келіспегеніңізбен, ата – аналық борышыңызды адал атқару арқылы баланың жан – дүниесіне адамгершілік қасиеттерді ендіруге болады.
2. Шешімді балаңызбен келісе отырып,  бірге қабылдаңыз, әрі оған өз бетімен шешім қабылдауға мүмкіндік беріңіз. Себебі, бала өзі ұнатқан ережелермен өмір сүргенді жақсы көреді. Әрине, соңғы сөзді ата – ана айтуы мүмкін, бірақ кей шешімдердің орындалуын балаңыздың таңдауына қалдырған да орынды;
3. Бала қателік жібермес үшін ыңғайға қарай оқиғаның алдын алып, дұрыс жағына қарай бұрып жіберген де орынды болып табылады.
4. Баланың демалуына жағдай жасап, іс – әрекеттің бір түрінен екіншісіне ауыстырып отырыңыз.
5. Баладан бірдеңе талап етсеңіз оған нақты, айқын бұйрықтар беріңіз. Ол бір нәрсені түсінбей немесе ұмытып қалса ашу шақырмаңыз. Қайтадан ренжімей, шыдамдылықпен өз талабыңыздың төркінін түсіндіріп отырыңыз. Кей бала қайталап айтуды қажет етеді. (жарты шарлары, есте сақтау, т. б.).
6. Балаға үйіп – төгіп тапсырма бергенше бірте – бірте орындайтын жұмыстар пайдалы.
7. Баланың күші жетпейтін жұмыстар беріп, зорықтыру барлық жағынан зиянды.
8. Ашу үстінде ағат қылықтарға бармас үшін, өзіңізге тоқтау сала отырып, алдымен ненің дұрыс – бұрыс екенін байқап алыңыз, бала теріс қылыққа неге барды, ойланыңыз.
9. Бала тап болған жағдаяттың қиындығы неде, сіз оған қалай көмектесе аласыз, қалай қолдау көрсетуге болады ойланыңыз!

 

         

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 585


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст