Құрметті ата – аналар!
Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес Ақмола облысы білім беру ұйымдарында, сонымен қатар Ерейментау ауданы бойынша білім беру ұйымдарына міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар:
Мектеп формасының үлгісі классикалық стильде, түсі қою көк.
Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік ақ жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Ұсынылған минимум: жейде, кеудеше және шалбар.
Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық ақ жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Юбкасының ұзындығы тізеден бес сантиметрден аспайды.
Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады. Белгілердің эскизін мектептен немесе мектеп сайтынан алуға болады.
Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.
Мектеп формасын енгізу барысында мата құрамына назар аударылады.
Сонымен қатар, егер де былтырғы оқу жылынан қалған мектеп формасы болса, оны киюге де болады