Эссе
Алғашқы ұстаз
Барлығы балалық шақтан басталады.Ал балалық шақ отбасы мен мектептен басталады. Отбасы - ол ең алдымен - ата -ана, мектеп - ең алдымен - ұстаз. Ұстаз - қасиетті сөз. Осындай жылы сөздермен адам болуға көмектескен мұғалімдерді еске түсіресін. Өзімнің қабілетімді мектеп өмірінде байқай бастады. Сол кезде, менің жақсы көретін ойыным мұғалім болып ойнау болды. Мен математика сабағын өте қатты ұнатқандықтан, математика мұғалімі болғым келді. Үйдегі ойыншықтарыма сабақ беретінмін. Бастауыш сынып мұғалімі болғым келді. Ойын айқындыққа айналды. Мен мұғалім болдым.
Мұғалім жұмысы қиын және ауыр. Кішкентай тыңдамайтын ұл мен қыздардан алдына мақсат қойып өскен жас- жеткіншектерге дейін қаншама төзім мен еңбек жұмсаған ұстаздарымды құрметпен еске аламын.
Мен - мұғаліммін. Мұғалім - ол тек қана кәсіп емес. Ол өмірдің бейнесі. Мемлекет, қоғам, ең бастысы оқушы алдында үлкен жауапкершілік. Күнде маған оқушыларымның көздері қарап тұрады. Менің сабағымда партада Қазақстанның болашағы отыр. Осы болашақта мен , менің туыстарым, балаларым тұратын болады. Сондықтан осы балалар қандай болатыны елдің ғана емес, менің де өміріме қатысты.
Мен - алғашқы ұстазбын
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын.
Мен - баланың өмірі мен отбасына кіретін алғашқы мұғаліммін. Ата - аналар маған өзінің ең қымбаттысы - баласын сеніп тапсырады. Баласы сыныптастары және мұғаліммен қандай қарым - қатынаста болатынын, мектепте сабақты қалай оқитынын, сабақ оған қаншалықты қызықты және пайдалы болатынын ойламайтын осы әлемде ата - ана жоқ деп ойлаймын. Баланың мектеп өмірі қалай құрылатыны мене, алғашқы мұғалімнен байланысты .
Мұғалім жұмысына " Бала - мектеп үшін, мектеп - бала үшін" болу керек.
Бала - өзінен - өзі дамытушы тұлға. Бастауыш сынып мұғалімінің мақсаты - баланы оқуға үйрету, оқуға қызығушылығын арттыру, дамыту. Үйренген , алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету. Сабаққа барған сайын алдыма қоятын мақсатым - сабақтың түсінікті және қызықты болуы.
Ата - аналар мектептен тыс болмауы керек. Баланың өмірі немен байланысты болса, соған қызықпен қарап, отбасында жақсы қарым - қатынас жасау керек. Баланың дамуына ата - ана мен сынып жетекші тығыз байланыста болуы керек. Осындай біріккен жұмыстардың арқасында үлкендер мен балалардың өзара түсінушілігі артады.
Әр мұғалім өзімен көбірек жұмыс жасау керек. Жаңа заманға сай әдіс - тәсілдерді қолданып, көп жыл жұмыс атқарған ұстаздардың жұмысымен танысу. Мұғалім жаңа технологияларды қолдана білу керек, өйткені оқушылардың алдында өзіңді көрсете аласың.
Қорыта келе мен мынадай сөздермен аяқтағым келеді:
" Май шам ештеңесін жоғалпайды, егерде сол шамның алауынан басқа май шамды тұтатып алса....."