Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі
29.10. 2021, Жұма
Ата-аналар жиналысы
Мукашева С.Д.
Сабақтың мақсаты: Ата - аналарды Қазақстан мемлекетінің негізгі құқықтарымен таныстырып, ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімдегі шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыруда, өз құқықтарын терең сезінуге ықпал ету.
Өткізу түрі: қашықтықтан, интернет желісі
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім: - Сәлеметсіздер ме, ата - аналар! Бүгінгі біздің «Ата - аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі»
Кездесуімізді психологиялық тренингтен бастасақ,
менің қолымда (ақ парақ, дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар) сіздер не көріп тұрсыздар? Соны суреттеп берсеңіздер.
Әрине, бұл жерде ақ қағазға қарағанда қара түс тез көзге шалынады, сол секілді бала бойындағы кемшіліктерді ғана көре бермей жақсы қасиеттерін де көре білуіміз керек. Жақсы қасиет әрине тікелей тәрбиеге байланысты.
ІІ. Кіріспе сөз: Ендеше, жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беріп, қоғам мүддесіне жарату ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін кезек күттірмейтін мәселе.
Бала тәрбиесі - бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абройлы міндеті.
Кезінде Әл - Фараби бабамыз: «... Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі...» демеп пе еді
Кез - келген ата - ана баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды. Қазіргі қоғамда ата - ана сол арманына жету үшін баласын қалай тәрбиелейді? Бақытты жанұя қандай болмақ? Бүгін біз сіздермен осы тұрғыда сөз қозғаймыз.
Бүгінгі заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласы бойынша мағлұмат алғаны дұрыс. Енді, құқық жөнінде жалпы не білеміз?
Құқық дегеніміз - мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі. Ал, міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиіс тәртіп пен қарым - қатынасқа қойылатын талап.
Балаларды қорғауға ,олардың шығармашылық белсенділігін дамытуға, азаматтыққа тәрбиелеу, ұлттық сана - сезімін
қалыптастыру т.б.
Өмірге баланың келуі, яғни тууы олардың ата - аналарының арасында әртүрлі құқықтар мен міндеттердің туындауына алып келеді.
/public/files/2021/11/21/211121_170609_ata-ana-ghinalys-3.pptx